Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық-процестік кодексi

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
58-бап. Прокурор



Ст. 58 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Прокурор – өз құзыретi шегiнде жедел-iздестiру қызметiнің, анықтаудың, тергеудiң және сот шешiмдерiнiң, қылмыстық процестiң барлық сатыларында қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына және осы Кодекске сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыратын лауазымды адам: осы Кодексте белгіленген өкілеттіктер шегінде іс-әрекет жасайтын Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары, орынбасарлары, олардың аға көмекшілері мен көмекшілері, Қазақстан Республикасының Бас әскери және Бас көлік прокурорлары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың прокурорлары және олардың орынбасарлары, департаменттердің, басқармалардың және бөлімдердің бастықтары, олардың орынбасарлары, аға көмекшілер мен көмекшілер, басқармалар мен бөлімдердің аға прокурорлары және прокурорлары, аудандардың, қалалардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға прокурорлар мен прокурорлар. Соттың қылмыстық iстi қарауына қатысатын прокурор айыптауды қолдау арқылы мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi және мемлекеттiк айыптаушы болып табылады. 

2. Прокурор күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе олардың әрекеттері үшiн мүлiктiк жауаптылықта болатын тұлғаға: 

1) өзiнiң дәрменсiз күйіне, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тәуелдi болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетiнше пайдалануға қабiлетсіз жәбiрленушiнiң; 

2) мемлекеттiң мүдделерiн қорғап талап қоюға құқылы. 

3. Прокурор өз қаулысымен істерді өзінің іс жүргізуіне қабылдауға және бұл ретте тергеуші өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалауды осыған уәкілеттік берілген прокурор жүзеге асырады. 

4. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеру және соттың істі қарауы кезіндегі өкілеттіктері осы Кодекстің 186 (екінші және үшінші бөліктерінде), 187 (сегізінші бөлігінде), 190 (жетінші бөлігінде), 192, 193, 196 (екінші бөлігінде), 234 (бірінші бөлігінде), 290, 301 – 305, 321 (алтыншы бөлігінде), 337, 414 (екінші бөлігінде), 428(алтыншы бөлігінде), 429 (жетінші бөлігінде), 478 (бесінші бөлігінде), 480 (алтыншы бөлігінде) 484, 486, 494 (бесінші бөлігінде), 502 (бірінші бөлігінде), 513 (үшінші бөлігінде), 518 (бесінші бөлігінде)-баптарында, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63-тарауларында, 628 (бірінші бөлігінде), 643 (сегізінші бөлігінде), 668 (алтыншы бөлігінде)-баптарында айқындалады. 

5. Прокурор өзiнiң процестік өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде тәуелсiз болады және заңға ғана бағынады. 

6. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өз құзыретi шегiнде осы Кодекстің нормаларын қолдану мәселелерi жөнінде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды, олар қылмыстық қудалау органдарының орындауы үшiн мiндеттi. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi олардың құзыретi шегiнде, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келiсу бойынша қабылданады. 

Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...56 57 58 59 60 ...674 

Перейти к статье







Добавить комментарий к 58-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V