Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
77-бап. Азаматтық жауапкердiң өкiлдерi



Ст. 77 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Қылмыстық процесте азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге заң күшiмен құқықты және қылмыстық процестi жүргізетін органның қаулысымен процеске қатысуға жіберiлген адвокаттар және өзге де тұлғалар азаматтық жауапкердiң өкiлдерi болып танылады. 

2. Азаматтық жауапкердің өкiлдерi Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес өздерi өкiлi болып отырған жеке немесе заңды тұлғалар сияқты процестік құқықтарға ие болады. 

3. Азаматтық жауапкердің өкiлi өзi өкiлi болып отырған процеске қатысушының мүдделерiне қайшы қандай да бір әрекеттер жасауға құқылы емес. 

4. Азаматтық жауапкердiң процеске жеке өзiнiң қатысуы оны осы iс бойынша өкiлге ие болу құқығынан айырмайды. 

10-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСКЕ ҚАТЫСАТЫН ӨЗГЕ ДЕ АДАМДАР


РҚАО-ның ескертпесі!

78-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.12.2016 № 36-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...75 76 77 78 79 ...674 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 77-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V