Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
82-бап. Куәгер



Ст. 82 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V



1. Қылмыстық қудалау органы осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу әрекетiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адам куәгер болып табылады.

2. Өздерiнiң қатысуымен болып жатқан әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi және осы Кодекстің 90-бабына сәйкес өздеріне қарсылық білдірілуге жатпайтын, iске мүдделi емес және қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсiз кәмелеттiк жасқа толған азаматтар ғана куәгер бола алады.

3. Тергеу әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.

4. Куәгердiң:

1) тергеу әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға;

2) тергеу әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға;

3) өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысуға;

4) қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіруге;

5) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзi шеккен шығыстарға өтем алуға;

6) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқығы бар.

5. Куәгер:

1) қылмыстық қудалау органының шақыруы бойынша келуге;

2) тергеу әрекетiн жүргiзуге қатысуға;

3) тергеу әрекетiнiң хаттамасында осы әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн өзiнiң қолымен куәландыруға;

4) анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеуге;

5) тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi.

6. Дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн куәгерге осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

Статья 1 ...80 81 82 83 84 ...674 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 82-бап ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V