Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
104-бап. Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру



Ст. 104 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы




 1. Адамның өмiрiне қауiптi емес және осы Кодекстiң 103-бабында көрсетiлген зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға немесе жалпы еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiн қамауға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. <*>

 

2. Нақ сол әрекет: 

 

а) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 

 

б) адамның қызметтiк жұмысын жүзеге асыруға не кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты; 

 

в) аса қатыгездiкпен, сол сияқты кiнәлiге дәрменсiз күйде екенi белгiлi адамға қатысты; 

 

г) ұйымдасқан топпен; 

 

д) бұзақылық ниетпен; 

 

е) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни жеккөру немесе араздық тұрғысында; 

 

ж) бiрнеше рет жасалса немесе бұрын осы Кодекстiң 96-бабында көзделген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiрген немесе кiсi өлтiрген адам жасаса - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Ескерту. 104-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.


Статья 1 ...102 103 104 105 106 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 104-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы