Ст. 105 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V
Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019
ҚР Қылмыстық Кодексi
105-бап. Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу
1. Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу – үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға қатысты;
2) екі немесе одан көп адамға қатысты;
3) адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет –
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған іс-әрекеттер –
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 105-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 170-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Добавить комментарий к 105-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V