Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 106 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

ҚР Қылмыстық Кодексi
106-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру

1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру – 

үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) екi немесе одан да көп адамға қатысты; 

2) адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына немесе кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты; 

3) кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кінәлі адамға материалдық жағынан немесе өзгеше түрде тәуелді адамға қатысты, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепiлге алумен ұштасқан; 

4) аса қатыгездікпен; 

5) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

6) пайдакүнемдік ниетпен, сол сияқты жалдау бойынша; 

7) бұзақылық ниетпен; 

8) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша; 

9) жәбірленушінің ағзаларын немесе тіндерін пайдалану мақсатында; 

10) бірнеше рет; 

11) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты; 

12) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалған дәл сол іс-әрекет – 

мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

мүлкi тәркiленіп немесе онсыз, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 106-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...104 105 106 107 108 ...467

Перейти к статье
Коментарии пользователей

Салеметсизбе.Менин баламды 15жаста мектептин ишинде расдевалкага шакырып Сол жерле 4бала жабылып соккыга жыкты.Баламнын бас миф шайкалып бетмурын суйегин сындырлы.жане де осы жагдайды корген мектеп тарапы сынып жетекши тарбие мугалим Ата Анага ескертпестен ауруханага апарып Ол жерле де еш жерге тиркемей жасырып ренгенге тусирген.содан кусып ауырган баламды кайтадан мектепке акелип ешкандай балама биринши комек корсетпеген.бес манат бойы баламдымектеп коридорына отыргызып койган.осы бойынша кандай жаза бериледи кылмыс жасагандар Жане кылмысты жасыргандаргп

0   0






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться