Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
113-бап. Адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу



Ст. 113 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адамның органдары мен тiнiн алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу, сол сияқты адамның органдары мен тiнiне қатысты заңсыз мәмiлелер жасау -
 
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Нақ сол әрекеттер:
 
а) кiнәлiге дәрменсiз күйде екендiгi көрiнеу белгiлi адамға қатысты;
 
б) кәмелетке көрiнеу толмаған адамға қатысты;
 
в) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
 
г) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;
 
д) бiрнеше рет;
 
е) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
 
ж) кiнәлiге жүктiлiк жағдайында екендiгi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
 
з) алдау немесе сенiмге қиянат жасау жолымен;
 
и) өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып;
 
к) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалғанда, - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -
 
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 113-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.03.02. N 131 Заңымен.

Статья 1 ...111 112 113 114 114-1 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 113-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы