Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 117 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
117-бап. Соз ауруын жұқтыру

1. Өзiнде соз ауруы бар екендiгiн бiлген адамның осы ауруды басқа адамға жұқтыруы – 

бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, сол сияқты екі және одан да көп адамға не көрінеу кәмелетке толмаған адамға жұқтыру – 

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...115 116 117 118 119 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 117-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V