Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
12-бап. Қылмыстардың жиынтығы



Ст. 12 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам , егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
 
2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
 
3. Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды.
 
Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.

Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 12-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы