Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 127 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
127-бап. Психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру

1. Адамды психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру немесе онда заңсыз ұстау – 

үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Дәл сол іс-әрекет, егер ол: 

1) пайдакүнемдiк ниетпен немесе өзге де жеке мүдделілікпен жасалса; 

2) адам оларды өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаса; 

3) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса; 

4) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...125 126 127 128 129 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 127-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V