Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 133 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Қылмыстық Кодексi
133-бап. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту

1. Кәмелетке толмаған адамды есеңгiрететiн заттарды пайдалануға не уытқұмарлыққа не спирттік iшiмдiктерді бірнеше рет пайдалануға не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуға тарту – 

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Ата-анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттер Қазақстан Республикасының заңымен жүктелген өзге адам жасаған дәл сол іс-әрекет – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлiктерiнде көзделген, бiрнеше рет не күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп жасалған іс-әрекеттер – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 133-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...131 132 133 134 135 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 133-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V