Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
141-бап. Азаматтардың тең құқықтылығын бұзу



Ст. 141 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық немесе мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге көзқарасына сенiмi, тұрғылықты жерi, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына себептерiмен немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша тiкелей немесе жанама шектеу - екi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған дәл сол әрекет - бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...139 140 141 142 143 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 141-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы