Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 163 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
163-бап. Соғыс жүргiзудiң тыйым салынған құралдары мен әдiстерiн қолдану

1. Әскери тұтқындарға немесе азаматтық тұрғындарға қатыгездікпен қарау, азаматтық тұрғындарды депортациялау, оккупацияланған аумақта ұлттық мүлiктi жою немесе тонау, Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған құралдар мен әдiстердi қарулы қақтығыста қолдану – 

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану – 

Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады. 

Ескерту. 163-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...161 162 163 164 165 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 163-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V