Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
165-бап. Мемлекеттiк опасыздық



Ст. 165 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы




 Мемлекеттiк опасыздық, яғни соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттiк құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргiзуден, шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында жасаған қасақана әрекет - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайында ауырлататын мән-жайлар кезiнде - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе мүлкi тәркiленiп немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Ескерту. Осы бапта, сол сияқты осы Кодекстiң 166 және 168-баптарында көзделген қылмыстарды жасаған адам, егер ол мемлекеттiк органдарға ерiктi және дер кезiнде хабарлауымен немесе өзгеше жолмен Қазақстан Республикасының мүдделерiне залал келтiрудi болдырмауға жәрдемдессе және оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

 

Ескерту. 165-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.


Статья 1 ...163 164 165 166 167 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 165-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы