Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
172-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз алу, жария ету



Ст. 172 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Құжаттарды ұрлау, мемлекеттiк құпияларды бiлетiн адамдарды немесе олардың жақындарын сатып алу немесе қорқыту, байланыс құралдары арқылы қолға түсiру, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнайы техникалық құралдарды пайдалану жолымен, сол сияқты өзге де заңсыз әдiспен мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтер жинау мемлекетке опасыздық немесе шпиондық белгiлерi болмаған жағдайда - төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен мәлiм болған мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда - үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға немесе үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет немесе жұмыс бабымен мәлiм болған қызметтiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, егер бұл ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, мемлекетке опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда - екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, - үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 172-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.

Статья 1 ...170 171 172 173 174 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 172-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы