Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
173-бап. Мемлекеттiк құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту



Ст. 173 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Адамның өзiне қызмет немесе жұмыс бабымен сенiп тапсырылған мемлекеттiк құпиясы бар құжаттарды, сол сияқты олар туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын заттарды жоғалтуы егер аталған құжаттар немесе заттар оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдарынан жоғалса және ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса,- бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Адамның өзiне қызмет немесе жұмыс бабымен сенiп тапсырылған қызметтiк құпиясы бар құжаттарды, сол сияқты олар туралы мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайтын заттарды жоғалтуы, егер аталған құжаттар немесе заттар оларды пайдаланудың белгiленген ережелерiн бұзудың салдарынан жоғалса және ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса, -  екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi айға дейiнгi мерзiмге қамауға алуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
 Ескерту. 173-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.

Статья 1 ...171 172 173 174 175 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 173-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы