Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
175-бап. Ұрлық



Ст. 175 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы




 1. Ұрлық, яғни бөтен мүлiктi жасырын ұрлау - екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiн бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

2. Мынадай:

 

а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;

 

б) бiрнеше рет;

 

в) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

3. Мынадай:

 

а) ұйымдасқан топ;

 

б) iрi мөлшерде;

 

в) ұрлық не қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған ұрлық - мүлкi тәркiленiп үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Ескерту.

 

1. Осы Кодекстiң баптарында ұрлық деп пайдакүнемдiк мақсатта бөтен мүлiктi осы мүлiктiң меншiк иесiне немесе өзге иеленушiсiне залал келтiре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз қайтарымсыз алып қою және (немесе) айналдыру танылады.

 

2. Осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарын қоспағанда, осы тараудың баптарында iрi мөлшер немесе iрi залал деп қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген айлық есептi көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мүлiктiң құны мен залалдың мөлшерi танылады.

 

3. Осы Кодекстiң 175-181-баптарында бiрнеше рет жасалған қылмыс деп осы баптарда, сондай-ақ осы Кодекстiң 248, 255, 260-баптарында көзделген бiр немесе одан да көп қылмыстардан кейiн жасалған қылмыс танылады.

 

4. Осы тараудың баптарында, сондай-ақ осы Кодекстiң басқа баптарында ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын сотталған адам деп осы Кодекстiң 175-181, 248, 255, 260-баптарында көзделген бiр немесе бiрнеше қылмыс үшiн сотталған адам танылады.

 

5. Меншiк құқығында ұйымға тиесiлi немесе оның қарамағындағы бөтен бiреудiң мүлкiн ұрлау, алаяқтық жасау, иемденiп алу немесе ысырап ету жолымен жасалған ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны жасауға кiнәлi адам заңға сәйкес әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүлiктiң құны әрекет жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады.

 

Ескерту. 175-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47, өзгерту енгiзiлдi - 2002.12.21. N 363, 2004.12.09. N 10, 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.


Статья 1 ...173 174 175 176 177 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 175-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы