Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
176-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету



Ст. 176 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Мынадай: 
 
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша; 
 
б) бiрнеше рет; 
 
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған нақ сол әрекеттер - 
 
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды: 
 
а) ұйымдасқан топ; 
 
б) iрi мөлшерде; 
 
в) ұрлық немесе қорқытып алушылық үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған болса - 
 
г) мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса -
 
мүлкi тәркiленiп және үш жылға дейiнгi, ал г) тармағында көзделген жағдайларда - жетi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 176-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363, 2003.09.25. N 484 Заңдарымен.

Статья 1 ...174 175 176 177 178 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 176-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы