Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
178-бап. Тонау



Ст. 178 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Тонау, яғни бөтен мүлiктi ашық ұрлау - үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Мынадай:
 
а) жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолданумен, не осындай күш қолданамын деп қорқыту арқылы;
 
б) бiрнеше рет;
 
в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
 
г) тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған тонау - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Мынадай:
 
а) ұйымдасқан топ;
 
б) iрi мөлшерде;
 
в) ұрлық немесе қорқытып алушылығы үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған тонау - мүлкi тәркiленiп, алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...176 177 178 179 180 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 178-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы