Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
181-бап. Қорқытып алушылық



Ст. 181 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Қорқытып алушылық, яғни бөтен мүлiктi немесе мүлiкке құқықты берудi немесе күш қолданумен не бөтен мүлiктi жоюмен немесе бүлдiрумен қорқыту арқылы мүлiктiк сипаттағы басқа да iс-әрекеттер жасауды талап ету, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның туыстарын масқаралайтын мәлiметтердi таратумен не жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулi зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау -  үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға,не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға немесе онсыз төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Мынадай жолмен:
 
а) күш қолдану;
 
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
 
в) бiрнеше рет жасалған қорқытып алу - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Мынадай жолмен:
 
а) ұйымдасқан топ;
 
б) жәбiрленушiнiң денсаулығына ауыр зардап келтiру;
 
в) iрi мөлшерде мүлiк алу мақсатында;
 
г) ұрлық немесе қорқытып алу үшiн бұрын екi немесе одан да көп рет сотталған адам жасаған қорқытып алу - мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...179 180 181 182 183 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 181-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы