Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
184-1-бап. Өнертабыстарға, пайдалы модельдерге, өнеркәсiптiк үлгiлерге, селекциялық жетiстiктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу



Ст. 184-1 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы




 1. Өнертабыстың, пайдалы модельдiң, өнеркәсiптiк үлгiнiң, селекциялық жетiстiктiң немесе интегралдық микросхема топологиясының мәнiн, олар туралы мәлiметтер ресми түрде жарияланғанға дейiн автордың немесе арыз берушiнiң келiсiмiнсiз жария ету, сол сияқты авторлықты иеленiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу, егер осы әрекеттер авторға немесе өзге құқық иеленушiге елеулi залал келтiрсе немесе олардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне айтарлықтай зиян келтiрсе, -

 

жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.

 

2. Өнертабысты, пайдалы модельдi, өнеркәсiптiк үлгiнi, селекциялық жетiстiктi немесе интегралдық микросхема топологиясын елеулi мөлшерде жасалған заңсыз пайдалану, - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.

 

3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген:

 

а) бiрнеше рет;

 

б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топпен;

 

в) iрi мөлшерде немесе iрi залал келтiрген;

 

г) адамның өз қызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер, -

 

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Ескерту.

 

1. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер елеулi залал келтiрген немесе елеулi мөлшерде жасалған деп танылады.

 

2. Егер залалдың мөлшерi немесе зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалану құқықтарының құны не туындылардың және (немесе) фонограммалар даналарының немесе өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi немесе интегралдық микросхемалар топологияларын қамтитын тауарлардың құны қылмыс жасалу сәтiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе acca, осы Кодекстiң 184, 184-1-баптарында көзделген әрекеттер iрi залал келтiрген немесе iрi мөлшерде жасалған деп танылады.

 

Ескерту. 184-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...183 184 184-1 185 186 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 184-1-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы