Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
188-бап. Бөтен адамның мүлкiн абайсызда жою немесе бүлдiру



Ст. 188 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Бөтен адамның мүлкiн iрi зиян келтiрiп абайсызда жою немесе бүлдiру - екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға немесе жүз сағаттан екi жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Отпен немесе өзге де аса қауiптi көздермен абайсыз жұмыс iстеу арқылы жасалған не ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 188-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

Статья 1 ...186 187 188 189 190 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 188-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы