Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық Кодексi
193-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды жымқыру

Ст. 193 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Ерекше тарихи, ғылыми, көркемдiк немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды жымқыру, оларды жымқыру тәсiлiне қарамастан, – 

мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған; 

2) бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – 

мүлкi тәркiленiп, жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды: 

1) қылмыстық топ жасаса; 

2) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген заттарды немесе құжаттарды жоюға не бүлдіруге әкеп соқса, – 

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...191 192 193 194 195 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 193-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V