Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
199-бап. Тауарлық белгiнi заңсыз пайдалану



Ст. 199 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Бөтеннiң тауарлық белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, фирмалық атауын, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен бiртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi зиян келтiрсе - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
 
2. Қазақстан Республикасында тiркелген тауарлық белгiге немесе тауардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi зиян келтiрсе -  жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Статья 1 ...197 198 199 200 201 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 199-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы