Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету



Ст. 200 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктiк құпияны бiлетiн адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кiру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлдермен жинау - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi олардың иесiнiң келiсiмiнсiз, бұл құпия қызметiне немесе жұмысына байланысты сенiп тапсырылған адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде заңсыз жария етуi немесе пайдалануы, бұл әрекет iрi зиян келтiрсе - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...198 199 200 201 202 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 200-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы