Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 220 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
220-бап. Облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны мақсатсыз пайдалану

Қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитент органдарының (эмитенттiң лауазымды адамдарының) осы эмитенттiң облигацияларын шығару проспектiсiнде белгiленген, облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың шарттары мен тәртiбiн бұзуға әкеп соққан шешiмдер қабылдауы, егер бұл іс-әрекет облигация ұстаушыларға iрi залал келтiрсе, – 

белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...218 219 220 221 222 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 220-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V