Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
223-бап. Тұтынушыларды алдау



Ст. 223 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Меншiк нысанына қарамастан, тауарлар сататын немесе халыққа қызмет көрсететiн дүкендерде немесе басқа кәсiпорындарда не сауда (қызмет көрсету) саласында кәсiпкерлер ретiнде тiркелген азаматтардың кем өлшеуi, кем тартуы, кем санауы, тауардың (қызмет көрсетудiң) тұтынушылық қасиеттерi немесе сапасына қатысты шатастыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы, егер бұл iс-әрекеттер елеулi мөлшерде жасалған болса - 
 
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмысқа тартуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
 
2. Дәл сол әрекеттердi: 
 
а) тұтынушыларды алдағаны үшiн бұрын сотталған адам; 
 
б) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ; 
 
в) iрi мөлшерде жасаса - 
 
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. Тұтынушыларға айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiр бөлiгiнен асатын сомада зиян келтiрген алдау елеулi мөлшер деп, кемiнде үш айлық есептiк көрсеткiш сомасындағы алдау - iрi мөлшер деп танылады. <*>
 
Ескерту. 223-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

Статья 1 ...222 222-1 223 224 225 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 223-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы