Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
227-1-бап. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын, абоненттiң сәйкестендiру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгерту үшiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату



Ст. 227-1 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Жасап шығарушының немесе заңды иесiнiң келiсiмiнсiз ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын құқыққа сыйымсыз өзгерту, ұялы байланыс абонентiнiң сәйкестендiру картасының телнұсқасын құқыққа сыйымсыз жасау, -
 
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Ұялы байланыстың абоненттiк құрылғысының сәйкестендiру кодын өзгертуге немесе ұялы байланыс абонентiнiң сәйкестендiру картасының телнұсқасын жасауға мүмкiндiк беретiн бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату, -
 
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Нақ сол әрекеттер:
 
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша не ұйымдасқан топпен;
 
б) бiрнеше рет жасалса;
 
в) бұрын компьютерлiк ақпаратқа құқыққа сыйымсыз қол жеткiзгенi, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламалар жасағаны, пайдаланғаны, таратқаны үшiн сотталған адам жасаса, -
 
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 227-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.08. N 210 Заңымен.

Статья 1 ...226 227 227-1 228 229 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 227-1-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы