Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 228 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
228-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу

1. Iрi залал келтiрген, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу қағидаларын бұзу – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...226 227 228 229 230 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 228-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V