Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
237-бап. Бандитизм



Ст. 237 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару -
 
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысу -
 
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз алты жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -
 
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 237-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.

Статья 1 ...235 236 237 238 239 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 237-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы