Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 246 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.10.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
246-бап. Салық төлеушiнiң салықтық берешегi, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары бойынша берешегі, өсімпұлдар, есепке жазылған жағдайда пайыздар есебіне билiк етуі шектелген мүлiкке қатысты заңсыз әрекеттер

Ескерту. 246-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі). 

Мүлкi шектелген адам жасаған, мемлекеттік кіріс органдары билiк етуге шектеу қойған мүлiктi ысырап ету, иелiктен шығару, жасырып қалу немесе заңсыз беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда осындай мүлiктi беруден бас тарту, сол сияқты банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметшiсiнiң мемлекеттік кіріс органдары шығыс операцияларын тоқтата тұрған банктік шоттар бойынша банк операцияларын жүзеге асыруы – 

бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI Заңымен (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...244 245 246 247 248 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 246-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V