Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 248 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
248-бап. Мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу

1. Күш қолдану, бөтеннiң мүлкiн жою немесе бүлдiру, сол сияқты жәбiрленушiнің немесе оның жақындарының құқықтары мен мүдделерiне елеулі зиян келтіруі мүмкiн мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп, мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу, қорқытып алу белгiлерi болмаған кезде – 

екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) бiрнеше рет; 

2) күш қолданып жасалған дәл сол іс-әрекет – 

үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...246 247 248 249 250 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 248-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V