Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
252-бап. Қаруды заңсыз жасау



Ст. 252 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын заңсыз жасау - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасалған немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса - бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
4. Газ қаруын, суық қаруды, оның iшiнде лақтырғыш қаруды заңсыз жасау - екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның төрт айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ескерту. 252-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47, 2002.12.21. N 363 Заңдарымен.

Статья 1 ...250 251 252 253 254 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 252-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы