Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Қылмыстық Кодексi
257-бап. Террористiк топ құру, оған басшылық ету және оның әрекетіне қатысу

Ст. 257 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Террористiк топ құру, сол сияқты оған басшылық ету – 

мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Террористiк топтың әрекетіне немесе ол жасап жатқан терроризм актiлерiне қатысу – 

мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған іс-әрекеттер – 

мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 257-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...255 256 257 258 259 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 257-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V