Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
259-бап. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату



Ст. 259 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды сату мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденiп алу, тасымалдау немесе сақтау - он мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не алпыс сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды заңсыз дайындау, ұқсату, жөнелту, өткiзу, сондай-ақ осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу мақсатымен не өте iрi мөлшерде есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты жасалған әрекеттер - мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi: 
 
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса; 
 
б) әлденеше рет; 
 
в) есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты iрi мөлшерде жасаса, - 
 
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
4. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi: 
 
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса; 
 
б) олар өте iрi мөлшердегi есiрткi заттарға немесе жүйкеге әсер ететiн заттарға қатысты жасаса, - 
 
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту.
 
1. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды өз еркiмен тапсырған немесе есiрткi заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған және есiрткi заттардың немесе жүйкеге әсер ететiн заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi табуға белсендi көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
 
2. Осы бап бойынша есiрткi заттар мен жүйкеге әсер ететiн заттардың iрi және өте iрi мөлшерi "Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекiтiлген Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгiленедi.
 
Ескерту. 259-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47, 2002.05.31. N 327 Заңдарымен.

Статья 1 ...257 258 259 261 262 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 259-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы