Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
26-бап. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту



Ст. 26 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Адамның дайындау iс-әрекеттерiн немесе қылмыс iстеуге тiкелей бағытталған дайындалу iс-әрекетiн тоқтатуы не iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткiзу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен және бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.
 
2. Қылмысты ақырына дейiн жеткiзуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс.
 
3. Қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап салушы, егер ол адамдар мемлекеттiк органдарға хабарлаумен немесе өзге де қолданылған шаралармен орындаушының қылмысты ақырына дейiн жеткiзуiне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс. Егер орындаушы қылмысты аяқтағанға дейiн оған күнi бұрын уәде берген жәрдемнен бас тартса немесе көрсетiлiп үлгерген көмектiң салдарын жойса, қылмысқа көмектесушi қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс.
 
4. Егер ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған iс-әрекет орындаушының қылмысты орындауын болдырмауға әкелмесе, олардың қолданған шаралары жаза тағайындау кезiнде жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылуы мүмкiн.

Статья 1 ...24 25 26 27 28 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 26-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы