Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
260-бап. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды ұрлау не қорқытып алу



Ст. 260 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды ұрлау не қорқытып алу - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Нақ сол әрекеттердi:
 
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса;
 
б) әлденеше рет;
 
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалану арқылы;
 
г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
 
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, оларды:
 
а) ұйымдасқан топ;
 
б) iрi мөлшерде есiрткi заттар немесе жүйкеге әсер ететiн заттар жөнiнде;
 
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
 
мүлкiн тәркiлеп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...239 240 260 241 242 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 260-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы