Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
262-бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру



Ст. 262 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сорттарын өсiру - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Нақ сол әрекеттер:
 
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
 
б) әлденеше рет;
 
в) iрi мөлшерде жасалса -
 
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...259 261 262 263 264 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 262-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы