Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
268-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру



Ст. 268 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына, не қоршаған ортаға қауiп төндiретiн оқиғалар, фактiлер немесе құбылыстар туралы ақпаратты халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге мiндеттi адамның жасыруы немесе бұрмалауы - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Абайсызда адамның денсаулығына зиян келтiруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер - жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Статья 1 ...266 267 268 269 270 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 268-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы