Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 270 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
270-бап. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты басып алу

1. Әуе немесе су кемесін не жылжымалы темiржол составын айдап әкету, сол сияқты айдап әкету мақсатында осындай кемені немесе составты басып алу – 

екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Мынадай: 

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен; 

2) бірнеше рет; 

3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не осындай күш қолдану қатерін төндіріп; 

4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып жасалған дәл сол іс-әрекеттер – 

мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды қылмыстық топ жасаса не олар абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, – 

мүлкi тәркiленiп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 270-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...268 269 270 271 272 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 270-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V