Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
275-1-бап. Адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiн заңсыз алу



Ст. 275-1 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшiн адам мәйiтiнiң органдарын немесе тiнiн заңсыз алу, сол сияқты адам мәйiтiнiң органдары мен тiнiне қатысты мәмiлелер жасасу - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Нақ сол әрекеттер:
 
а) адамдар тобымен, алдын ала сөз байласуы бойынша адамдар тобымен немесе ұйымдасқан топпен;
 
б) бiрнеше рет;
 
в) өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланып жасалғанда, -
 
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 275-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.03.02. N 131 Заңымен.

Статья 1 ...274 275 275-1 276 277 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 275-1-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы