Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
288-бап. Заңсыз аңшылық



Ст. 288 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет: 
 
а) елеулi зиян келтiрiп; 
 
б) механикалық көлiк құралын немесе әуе көлiгiн, жарылғыш заттарды, газдарды және құстар мен аңдарды жаппай қырып-жоюдың өзге әдiстерiн қолданып; 
 
в) аулауға толық тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты; 
 
г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса - 
 
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады. <*> 
 
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып әлденеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiрiп не ұйымдасқан топ жасаған әрекет - сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. <*>
 
Ескерту. Осы тараудың баптарында қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал мөлшерi елеулi залал деп танылады. Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал iрi көлемдегi залал деп танылады.
 
Ескерту. 288-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.09. N 10 Заңымен.

Статья 1 ...286 287 288 289 290 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 288-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы