Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 308 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2019

ҚР Қылмыстық Кодексi
308-бап. Жезөкшелiкпен айналысуға тарту

1. Күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру, тәуелдi жағдайын пайдалану, бопсалау, мүлкiн жою немесе бүлдiру жолымен не алдау арқылы жезөкшелiкпен айналысуға тарту – 

мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

2. Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен не бiрнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет – 

мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер – 

мүлкін тәркіленіп, бес жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

Ескерту. 308-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...306 307 308 309 310 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 308-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V