Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
310-бап. Кәсiпкерлiк қызметке заңсыз қатысу



Ст. 310 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Мемлекеттiк қызметтердi атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға заңда белгiленген тыйым салуға қарамастан, жеке өзiнiң немесе сенiм бiлдiрген адам арқылы қатысуы, егер осы әрекеттер мұндай ұйымға жеңiлдiктер және артықшылықтар беруге немесе өзге де нысандағы қамқоршылыққа байланысты болса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекеттер, - үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл сала отырып, он жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
3. Лауазымды адамдардың мемлекеттiк емес ұйымдарға, соның iшiнде қоғамдық бiрлестiктерге лицензиялау жөнiндегi өкiлеттiгiн беруге әкеп соғатын iс-әрекеттердi жасауы, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. 310-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.09.25. N 484 Заңымен.

Статья 1 ...308 309 310 311 312 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 310-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы