Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 33 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
33-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде зиян келтiру

1. Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қолсұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстап алу кезiнде оған зиян келтiру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шаралар шегінен шығуға жол берiлмеген болса, қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды. 

2. Адамға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін қажетсіз зиян келтiрілген кезде, ұсталатын адам жасаған құқық бұзушылықтың сипаты мен қоғамға қауiптiлiк дәрежесiне және ұстап алудың мән-жайларына олардың анық сай келмеуі, қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу үшін қажетті шаралар шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығу қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 

3. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алуға бұған арнайы уәкiлеттiк берілген адамдармен бірге жәбiрленушiлер мен басқа азаматтардың да құқығы болады.
Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V