Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
330-3-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту және пайдалану ережелерiн бiрнеше рет бұзу



Ст. 330-3 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Қазақстан Республикасының аумағында уәкiлеттi органның тиiстi рұқсатынсыз жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмыс берушiнiң жұмысқа бiрнеше рет қабылдауы -  бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
 
2. Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн пайдалану ережелерiн бiрнеше рет бұзуы - жетi жүз айлық есептiк көрсеткiштен тоғыз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде не сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз қырық сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.
 
Ескерту. 330-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.02.22. N 296 Заңымен.

Статья 1 ...330-1 330-2 330-3 331 332 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 330-3-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы