Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
337-1-бап. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы сот шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру



Ст. 337-1 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiн ұйымдастыру, - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
2. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке немесе өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiне қатысу, - екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
 
Ескерту. Қоғамдық немесе дiни бiрлестiкке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмдi жүзеге асыруына байланысты қызметiне тыйым салу немесе тарату туралы заңды күшiне енген сот шешiмi бар болғанда олардың қызметiне қатысуды өз еркiмен оқытқан адам, егер оның iс-әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
 
Ескерту. 337-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2005.07.08. N 67-III (Заңның қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен .

Статья 1 ...336 337 337-1 338 339 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 337-1-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы