Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Қылмыстық Кодексi
34-1-бап. Жедел-iздестiру шараларын жүзеге асыру



Ст. 34-1 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган қызметкерiнiң не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-iздестiру шараларын орындауы кезiнде заңға сәйкес жасаған әрекетiмен осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтiрген зияны, егер бұл әрекет бiр топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бiр топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделерiне келтiрiлген зиян аталған қылмыстармен келтiрiлетiн зиянға қарағанда онша мәндi болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кiнәлi адамдарды әшкерелеудi өзге тәсiлмен жүзеге асыру мүмкiн болмаса, қылмыс болып табылмайды.
 
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң ережелерi адамның өмiрiне немесе денсаулығына қатер, экологиялық апат, қоғамдық қасiрет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерiн төндiретiн әрекет жасаған адамдарға қолданылмайды.
 
Ескерту. 34-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.16. N 163 Заңымен.

Статья 1 ...33 34 34-1 35 36 ...393 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi N 167 16.07.1997 жылғы 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 34-1-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы