Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Қылмыстық Кодексi

ҚР Қылмыстық Кодексi
34-бап. Аса қажеттiлiк



Ст. 34 ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы



 1. Осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.
 
2. Құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дәрежесiне және қатер жойылған жағдайға көрiнеу сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

Статья 1 ...32 33 34 34-1 35 ...393 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап ҚР Қылмыстық Кодексi N 167 16.07.1997 жылғы