Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 342 ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Қылмыстық Кодексi
342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан бұзу – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн айтарлықтай залал келтiруге әкеп соққан қасақана зақымдау немесе жою – 

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Статья 1 ...340 341 342 343 344 ...467

Перейти к статье






Добавить комментарий к 342-бап ҚР Қылмыстық Кодексi 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V